Отандық ауыл шаруашылығы техникасының жеңілдікті лизинг тетігін енгізу мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігінің баспасөз қызметі.
Бағдарламаның шарттары шағын және орта ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуын ынталандыруға бағытталатын болады. Механизм биылғы жаппай жинау жұмыстары басталғанға дейін қысқа мерзімде қабылдануы тиіс.
Бағдарламаны қаржыландыруды "Бәйтерек" ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары жүзеге асыратын болады. Оған шамамен 40 млрд теңге бөлу жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, мемлекет басшысы тиісті тапсырманы 14 шілдеде Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген болатын.
Оқи отырыңыз:
Көлік пен ауыл шаруашылығы техникасына жаңа утиль алым мөлшерлемесі белгілі болды
Президент сауда және ауыл шаруашылығы министрлеріне сөгіс жариялады