Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы үкіметінің кеңейтілген отырысы өтіп жатыр.
Отырыс барысында мемлекет басшысылығы елдегі қант тапшылығы мәселесін шеше алмай отырған үкіметті сынға алды.
"Бұған дейін пайдалануға берілген жеті қант зауытының бүгінде тек төртеуі ғана жұмыс істейді (Алматы және Жамбыл облыстарында), олардың тек үштен бір бөлігінің ғана (31%) жүктемесі бар. Ауыл шаруашылығы министрлігі 2026 жылға қарай қызылша қантының үлесін 6 есеге (7-ден 43 пайызға дейін) арттыруды жоспарлап отыр. Дегенмен, соңғы төрт жылда қант қызылшасының алқаптары үштен бірге қысқарды", – деді мемлекет басшысы.
Мұнымен қатар, президент Қазақстанның қант импортына 90 пайыз тәуелді екенін сынға алды. Қант тапшылығы үкімет әрекетсіздігі себебінен болып отырғанын айтты.
"Бұл жерде ЕАЭО аясындағы шешімдерге сілтеме жасауға болады, бірақ бұл қалай болғанда да, үкіметтің қателігі. Бұл олардың мемлекеттің ұстанымын қорғамағанын білдіреді. Үкімет тез арада қант өнеркәсібін дамытудың жеке салалық жобасын әзірлеуі қажет. Мақсат – импортқа тәуелділікті айтарлықтай төмендету, өзін-өзі қамтамасыз етуге кезең-кезеңімен көшу", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы аталған салаған отандық және шетелдік инвесторлардың қызығушылық танытып отырғанына тоқталды.
"Дұрыс тәсілдер қажет. Бұл басқалармен қатар ішкі саяси мәні бар принциптік мәселе. Сондықтан министрлер Бақыт Сұлтанов пен Ербол Қарашөкеевке сөгіс жариялаймын", – деді президент.