Астанада соңғы тәулікте 250-ден астам жол-көлік оқиғасы тіркелді. Елордада бір күнде мұндай жол-көлік оқиғасы бұрын соңды болмаған. Бұл туралы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"Құрметті азаматтар, ауа райының нашарлауына байланысты (республика аумағында бұрқасын,қатты жел, боран, жаңбыр жауып, көрінудің шектелуі) бірқатар облыстарда көліктердің қозғалысына шектеулер енгізілді. Сонымен қатар, ауа райы жағдайына байланысты 8 ақпаннан бастап барлық қызметтер жергілікті табиғи жағдайға байланысты күшейтілген нұсқаға көшті. 8 ақпанда бір тәулік ішінде 250-ден астам жол көлік апаты тіркелді", – деп жазылған хабарламада.
Оқи отырыңыз: Сovid-19 қайтып келе ме? Қазақстандықтарға қоғамдық орындарда тағы да бетперде кию ұсынылады
Полиция департаменті қолайсыз ауа райы жағдайында жүргізушілерді елді мекендерден шықпауға және қала сыртына шығудан бас тартуға шақырады.