Тікелей эфир

Сovid-19 қайтып келе ме? Қазақстандықтарға қоғамдық орындарда тағы да бетперде кию ұсынылады

Елімізде Сovid-19, қызылша және тұмауға қарсы профилактикалық шаралар күшейтілуде.

Еліміздің бас мемлекеттік дәрігері Айжан Есмағамбетова ауа-тамшылы арқылы таралатын жұқпалы аурулардың: қызылша, Сovid-19, тұмау және ЖРВИ-дің алдын алу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды.

Құжатқа сәйкес, медициналық ұйымдарда қызметкерлер үшін де, келушілер үшін де бетперде кию режимі енгізілген. Медициналық мекемелерде де антисептиктер болуы керек. Өңірлерде тұрғындар арасында инфекцияның алдын алу шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады.

Бас санитарлық дәрігер өз жарлығында барлық қазақстандықтарға адам көп жиналатын жерлерде (әуежайда, вокзалда, автовокзалда, базарларда, сауда және ойын-сауық орталықтарында, сауда үйлерінде, театрларда, кинотеатрларда, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банктерде), сондай-ақ көліктің барлық түрлерінде медициналық немесе матадан жасалған бетперде киюді ұсынады.


Оқи отырыңыз: Covid-19 пандемиясының аяқталуына байланысты шектеу шараларының күші жойылды


Бас мемлекеттік дәрігердің қаулысы 2024 жылдың 8 ақпанында күшіне енді.

Серіктестер жаңалықтары