Тікелей эфир

“Ауа райы бөгет болды”: Астанада азамат сүйіктісін алып қашпақ болды

Астанада азамат бұрынғы сүйіктісін алып қашпақ болған, алайда ауа райы оның бұл әрекетіне тосқауыл болды.

“102” пультіне 20 жастағы қызды еркінен тыс Daewoo Nexia автокөлігіне отырғызып, белгісіз бағытқа алып кеткені туралы хабарлама түскен. Бұл туралы Polisia.kz жазды.

Қоңырау шалушының хабарлауынша, кешкі уақытта туысы екеуі жұмыстан қайтып келе жатқанда, тұрғын үйдің ауласында оларға көлік жақындап келіп, ішінен төрт жігіт түсіп, әпкесін күштеп көлікке отырғызып алып кеткен. Арызданушы таныған ұрлаушылардың бірі олардың ауылдасы болып шыққан.

Бұрын олар қарым-қатынаста болған, бірақ көп ұзамай айырылысып, аралары алыстап кеткендігі белгілі болған. Көлік пен ұрланған қызды іздеу үшін қалада “Ұстау” жоспары енгізілді. Бірден жедел ізіне түскен полицейлер күдіктілер тізгіндеген көлікті аңдып, тоқтатты. Белгілі болғандай, жігіттер оны Түркістан облысына апармақ болған, бірақ ауа райының қолайсыздығынан қаладан шыға алмаған.


Оқи отырыңыз: Алматы полициясы қызды алып қашу дерегін тексеріп жатыр


Қазіргі уақытта адамды бас бостандығынан заңсыз айыру фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полицейлер атап өткендей, үш жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

Серіктестер жаңалықтары