Алматы полициясының баспасөз хатшысы Салтанат Әзірбек қызды алып қашу оқиғасына қатысты айтты. Полиция мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты ешкімнен шағым түспеген.
"Алатау аудандық полиция басқармасы жанындағы полиция бөлімінің мәліметінше, аталған оқиғаға қатысты 102 пультіне өтініш келіп түспеді. Қазір жедел бөлім оқиғаның мән-жайын анықтау үшін тексеру шараларын жүргізіп жатыр. Тәжірибемізге сүйенсек, бұл шығармашылық өнімнің түсірілімі немесе пранк болуы мүмкін. Тексеру шаралары ары қарай да жалғаса береді", – деді Салтанат Әзірбек.
Азаматтардың адам ұрлағаны анықталса, олар 4 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. ҚР ҚК "Адамды ұрлау" 125-бабында осындай жаза қарастырылған.
Оқи отырыңыз: Түрмеде жазасын өтеп жатқан әйелдер Наурыз мерекесіне орай алып бауырсақ пісірді