Қазақстанның кейбір аймақтарында ауа райы күрт өзгереді.
Қыс мезгілінде қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынады. Бұл туралы Polisia.kz жазды.
Адамдар өзгерген климаттық факторларға бірден үйрене алмайды, сондықтан қысқы жолда жүру кезінде ауа райының жол жүрісіне әсерін ескеру маңызды. Қырау түскен жол – қауіпті аймақ.
ҚР ІІМ ӘПК Ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова көлік жүргізушілеріне бірқатар кеңес айтты.
Көлік жүргізушілеріне кеңес:
- Жылдамдықты асырмаңыз!
- Қауіпсіз қашықтықты сақтаңыз!
- Қыста жылдамдықты шамамен сағатына 10-15 шақырымға азайту керек, ал көлік арасындағы қашықтық 3-4 автокөлік болуы тиіс. Міне, осындай ұсақ-түйектердің өзі жол жағдайы күрт өзгерген кезде жүргізушіге дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.
- Қиылыстарда бағдаршамның жасыл түсіне жылдам қозғалу – қысқы уақытта жүргізушілердің негізгі қателіктерінің бірі. Жолға назар аударыңыз: көлік жүргізу кезінде телефонға телмірмеңіз және көлік басқарумен байланысы жоқ нәрселерге алаңдамаңыз.
Оқи отырыңыз: Зерттеу қорытындысы: Қазақстанда жол апаты күзгі мезгілде жиі болады.
- Есіңізде болсын, көлікті кенеттен тежеу басқару мүмкіндігін жоғалтуға әкеп соғады.
- Жол жүрісі қағидаларын, жылдамдық режимін және қашықтықты сақтаңыз. Кенеттен маневр жасау мен басып озудан аулақ болыңыз. Жол бойындағы жаяу жүргіншілерге өте мұқият болыңыз: айналаңыздағы жол жағдайын үнемі бақылауда ұстаңыз.
- Автокөлікті жабдықтауға келетін болсақ, заңнамаға сәйкес қыс мезгілінде (желтоқсан, қаңтар, ақпан) қысқы шиналармен жабдықталмаған көлік құралдарын пайдалануға тыйым салынатынын еске саламыз.
- Қысқы шиналар көлік құралының барлық дөңгелектеріне орнатылуы қажет.
- Автокөлік иелері ауа райының өзгеруін мұқият қадағалап отыруы керек. Егер ауа райы нашарласа, елді мекендерден тыс жерлерге шығуды шектеген дұрыс.
Оқи отырыңыз: Қандай жол-көлік оқиғасы кезінде полиция шақырмаса болады?