Атырау қаласындағы мектептердің бірінде 11-сынып оқушысы 10-сыныпта оқитын баланы есінен танғанша ұрған. Таяқ жеген жасөспірім төбелестен кейін өзін нашар сезініп тұрса да, мектеп басшылары қылмысты жасырып қалу үшін жедел жәрдем шақыртпай қойыпты, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.
Мектеп директоры білім ұясындағы әлімжеттік туралы бастапқыда білім бөліміне де хабар бермей, жасырып келген. Қазір оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал әлімжеттік құрбаны болған жеткіншек дәрігерлердің бақылауында.
"Мұғалімдер төбелесті көруп, балалармен сөйлескен. Арасында медбике де болған. Бірақ жедел жәрдем шақырылмаған", – деді Атырау қалалық білім бөлімі басшысының орынбасары Аманбай Хұсынов.
Оқи отырыңыз: "Жартылай кітапхана, жартылай мұражай". Қазақ мектебінің ұлттық моделі қандай болуы тиіс?