Ақтөбе облысында 60 жастағы Ералы Тоғжановтың орнына жаңа әкім тағайындалды.
"Асхат Берлешұлы Шахаров Ақтөбе облысының әкімі лауазымына тағайындалсын", – делінген хабарламада.
Ақтөбе облысының жаңа әкімі Асхат Шахаров
Бүгін, 5 қыркүйекте, Қазақстанның төрт облысының мәслихаттарында жаңа әкімдерді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша депутаттардың жиналысы өтіп жатыр. Ақтөбе облысы мәслихатындағы жиналыс сағат 13.00-ге жоспарланған болатын.