Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Ербол Қарашөкеев Жамбыл облысын басқарады, деп хабарлайды Ақорда баспасөз қызметі.
Бүгін, 5 қыркүйекте Қазақстанның төрт облысының мәслихаттарында жаңа әкімдерді тағайындауға келісім алу мәселесі бойынша депутаттардың жиналысы өтіп жатыр.
Жамбыл облысында депутаттар облыс әкімін тағайындауға келісім беру үшін сағат 11.00-де жиналды.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Ербол Шырақпайұлы Қарашөкеев Жамбыл облысының әкімі лауазымына тағайындалды", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Марат Ахметжанов Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды
Ербол Қарашөкеев 2023 жылғы 4 қыркүйекте Ауыл шаруашылығы министрі болып тағайындалған еді.
Еске салсақ, облыстың экс-әкімі Нұржан Нұржігітов бір күн бұрын Су ресурстары және ирригация министрі болып тағайындалды.