Тікелей эфир

Астанадағы АҚШ елшілігі бүгін қызыл түсті жарық шамдарын жағады

Бұл арқылы елшілік Қазақстандағы ЖИТС мәселесіне назар аудармақ.

Дүниежүзілік жұқтырылған иммунитет тапшылығы синдромымен күрес күні аясында елордадағы АҚШ елшілігі бүгін қызыл түсті жарық шамдарын жағады. Мұндағы мақсат – Қазақстан қоғамының назарын осы маңызды мәселеге аудары. 

Еске салайық, АҚШ пен Қазақстан ЖИТС-ке қарсы күрес жөніндегі төтенше жоспары (PEPFAR) шеңберінде 20 жылдан бері ынтымақтасып жұмыс істеп келеді. АҚШ-тың Қазақстандағы өкілдігі АИТВ-ға қарсы ұлттық бағдарлама шеңберінде және бүкіл денсаулық сақтау жүйесінде теңдік пен әділеттілікті нығайту, кеңейту және қамтамасыз етуді мақсат етеді. 

Өкілдік мәліметінше, Шығыс Еуропа мен Орталық Азияда АИТВ жұқтыру жағдайлары көбейіп отыр. 2010 жылдан бері бұл аймақта жаңадан АИТВ жұқтыру жағдайларының саны 48 пайызға артқан. Қазақстанда АИТВ-мен ауыратын 40 мыңға жуық адам бар. 

"Ең көп тәуекелге ұшырайтын халық топтары сондай-ақ стигматизация мен кемсітушіліктен туындайтын кедергілерден тепе-теңсіз зардап шегеді, бұл АИТВ/ЖИТС-ке қатысты негізгі қызметтерге қол жеткізудегі теңсіздікке әкеледі", – делінген өкілдіктің хабарламасында. 


Оқи отырыңыз: Америка кәсіпкер әйелдердерді қалай қолдайды? АҚШ-тан арнайы репортаж


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары