Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаменті жасөспірім пышақпен шабуылдаған Назарбаев зияткерлік мектебінің жарақат алған оқушысының жағдайы туралы айтты.
Ведомствоның хабарлауынша, 26 мамырда жедел жәрдем қызметі №2 қалалық көпсалалы ауруханаға 2006 жылы туған қызды жеткізген. Жәбірленушіге іш аймағына ота жасалды.
"Жағдайы ауыр және тұрақты", – деп хабарлады қалалық денсаулық сақтау басқармасынан.
Есіл аудандық полиция бөлімі адам өлтіруге оқталу бабы бойынша қылмыстық істі тергеп жатыр. Кәмелетке толмаған күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбедегі мектепте 13 жастағы оқушының өлімі: полиция қылмыстық іс қозғады
Барлық қажетті сараптамалар тағайындалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.