Ақтөбеде 13 жастағы оқушының мектепте қайтыс болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"14 желтоқсанда Ақтөбе қаласындағы №27 орта мектепте орын алған жол-көлік оқиғасына байланысты ҚР Қылмыстық кодексінің 141-бабы 2-бөлігі – "Абайсызда кәмелетке толмаған баланың өліміне әкеп соққан балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Барлық қажетті сараптамалар тағайындалды", – деп жазылған хабарламада.
Облыстық білім басқармасы бала үзіліс кезінде шалынып құлап, одан кейін есін жоғалтқанын айтты. Мектепке жедел жәрдем шақырылып, бала ауруханаға жеткізілді. Содан кейін өлім туралы хабарланды.
Оқи отырыңыз: Ақтөбе мектебінде 13 жастағы оқушы партаға соғылып, көз жұмды