Тікелей эфир

Астана полицейлері 15 жыл бойы іздеуде жүрген Қырғызстан азаматын ұстады

Қырғызстан азаматын еліне экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

Астана қаласы бойынша жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында елордалық криминалды полиция басқармасының қызметкерлері "Нұра" аудандық полиция басқармасы КПБ қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық құқық бұзған Қырғыз Республикасының мемлекетаралық іздеуде жүрген 37 жастағы азаматын ұстады.

"2008 жылдың қазан айында сенімге кірген ер азамат "Samsung D830" және "Nokia 6230 А" үлгілі ұялы телефондарын иемденгені анықталды. Қылмыстық қудалаудан жасырынған ер адам Қазақстан аумағына жасырынуын жалғастырған", – делінген Астана қаласы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.


Оқи отырыңыз: Қырғызстан азаматтарының Қазақстанда болуына рұқсат етілетін мерзім 3 есе ұзарады


2010 жылы Бішкек қаласы Свердлов аудандық ішкі істер басқармасы қаскүнемді мемлекетаралық іздеуге жариялаған болатын.

Қазіргі уақытта ер адам Астана қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қырғызстан Республикасына экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр.

 

Серіктестер жаңалықтары