Тікелей эфир

Қырғызстан азаматтарының Қазақстанда болуына рұқсат етілетін мерзім 3 есе ұзарады

Мұндай жеңілдік 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін енгізіледі.

Ел үкіметі Қырғызстан азаматтарының Қазақстанда болуына рұқсат етілетін мерзімді 90 күнге дейін 3 есе арттыруды жоспарлап отыр.

Сәйкесінше, Ашық НҚА порталында жарияланған қаулы жобасы күшіне енгеннен кейін Қырғыз Республикасының азаматтары Қазақстан шекарасын кесіп өткеннен кейін 90 күнге дейін елде бола алады. Ал қазіргі таңда бұл мерзім 30 күнмен шектеледі. Ал 180 күндік кезең ішінде Қазақстанда болған күндерінің жалпы саны 90 күннен аспауы тиіс.

Қаулы жобасының түсіндірме жазбасында бұл өзгеріс Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы қарым-қатынасты нығайту үшін енгізілетіні жазылған. Ол 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін ғана қолданыста болады.


Оқи отырыңыз: "Ел азаматтары 39 елге ғана визасыз бара алады". Қазақстан паспортының беделі қандай?


Қаулы жобасын жария талқылау мерзімі – 4 тамыз.

Серіктестер жаңалықтары