Арнайы ХҚКО-лар мереке күндері қалай жұмыс істейді

Кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 20:00-ге дейін, ал сенбі күні сағат 13:00-де жабылады.

"Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясы Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты 16 желтоқсанда ХҚКО мен арнайы ХҚКО қалай жұмыс істейтінін хабарлады.

Тәуелсіздік күні мерекесіне байланысты мамандандырылған орталықтарды қоса алғанда, халыққа қызмет көрсету орталықтары 16 желтоқсан, дүйсенбіде жұмыс істемейді.

Бұл ретте сенбі, 14 желтоқсан кезекші орталықтар үшін жұмыс күні болып табылады. Қызметтерді 9:00-ден 13:00-ге дейін алуға болады.

Сейсенбі, 17 желтоқсанда еліміздің ХҚКО-лары мен арнайы ХҚКО-лары азаматтарды әдеттегі кесте бойынша қабылдайды.

"Халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмыс күндері сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші ХҚКО жұмыс күндері сағат 20:00 – ге дейін, сенбі күні сағат 13:00-ге дейін жұмыс істейді. Кезекші мамандандырылған ХҚКО азаматтарды дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 18.00-ге дейін қабылдайды, ал дайын құжаттарды беру сағат 20.00–ге дейін, сенбіде – 13.00-ге дейін жүзеге асырылады", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары