Тікелей эфир

"Әр қажы үшін 500 доллар пара алады". ҚМДБ Данияр Илиевке қатысты мәлімдеме жасады

Мүфтият жала жапқаны үшін Zam-Zam Qazaqstan басшысының үстінен сотқа шағым түсірмек.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы Zam-Zam Qazaqstan туристік компаниясының басшысы Данияр Илиевтің 31 арнаның "50/50" әлеуметтік ток-шоуында айтқан пікіріне қатысты мәлімдеме жасады.

Алайда "Zam-Zam Qazaqstan" компаниясының жетекшісі Данияр Илиев өзінің шариғатқа және заңға қайшы әрекетін мойындамай, мүфтиятқа жала жабумен шектелуде.

"Ол "31 арна" телеарнасының "50/50" әлеуметтік ток-шоуының 2023 жылғы 29 маусым күнгі эфиріне берген сұхбатында ешқандай дәлелсіз, сөз жауапкершілігін сезінбей "мүфтият турфирмалардан әр қажы үшін 500 доллар пара алады" деген мазмұнда ауыр жала жабуда. Мүфтият бұл ақпараттың жалған екендігін және Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ кодексінің 73-3 "Жала жабу" бабына сәйкес Данияр Илиевтің үстінен сотқа шағым түсіретінін хабарлайды", –делінген ҚМДБ хабарламасында.


Оқи отырыңыз:


Діни басқарма құқық қорғау органдары қажыларды осыған дейін алдап, далада қалдырған аталған компанияның заңсыз әрекеттеріне тез арада назар аударып, заң бұзушыларды құқықтық жауапкершілікке тарту бойынша тиісті шаралар қолданатынына сенім білдірді.

Еске салайық, бұл іске мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев назар аударып, қазақстандықтарды алдап қажылыққа жіберген компанияны жауапқа тартуды тапсырған болатын.

Серіктестер жаңалықтары