Тікелей эфир

Қажылыққа заңсыз жолмен барған қазақстандықтарды елге қайтару мәселесі қаралып жатыр

ҚМДБ Zam-Zam Qazaqstan туркомпаниясының үстінен құқық қорғау органдарына шағым түсірді.

Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанындағы Қажылық миссиясы Zam-Zam Qazaqstan компаниясының қолдан жалған виза жасатып, далада қалдырған қазақстандықтардың мүддесін қорғауға күш салып жатыр, деп хабарлады ҚМДБ баспасөз қызметі.

Қазір қажылыққа заңсыз жолмен барған қазақстандықтар Меккедегі Terra Gaza қонақ үйіне орналастырылған. Қажылық миссиясының өкілдері оларға медициналық қызмет көрсетіп, мәселені жан-жақты талқылған.

"Мүфтият бұған дейін Zam-Zam Qazaqstan компаниясының қажыларға қызмет көрсетуге қатысты тиісті лицензиясы, осы жылы ресми қажылық орындарын алған туроператорлар тізімінде жоқ екенін, сондықтан аталған фирманың қызметіне мүлде жүгінбеу туралы бірнеше рет дабыл қағып, мәлімдеме жариялаған болатын. Сонымен қатар мүфтият қажыларды осыған дейін алдап, далада қалдырған аталған компанияның заңсыз әрекеттері туралы құқық қорғау органдарына шағым түсірген", – делінген ҚМДБ хабарламасында.


Оқи отырыңыз: Туроператор қазақстандықтарды қажылыққа заңсыз жолмен апарған. Мүфтият сотқа шағым түсірмек


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары