Тікелей эфир

Ақтөбедегі онкологиялық ауруханада таңғыштың орнына скотч қолданылған

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қосымша лейкопластырь жеткізуге өтінім берілген деп сендірді.

Ақтөбедегі ауруханалардың бірінде онкологиялық ауруға шалдыққан науқастарға лейкопластырдің орнына скочт қолданылады, деп хабарлады "Диапазон".

Онкология бөлімінде есепте тұрған қала тұрғындарының бірі ауруханада лейкопластырь жоқ екеніне шағымданды.

"Аурухананың бөлімшелері мен емханасында талдаудан кейін инъекция орнына жабыстыратын қарапайым лейкопластырь жоқ, кәдімгі скотчты пайдаланады", – деді ол.


Оқи отырыңыз:


Облыстық денсаулық сақтау басқармасы қосымша лейкопластырь жеткізуге өтінім берілген деп сендірді.

"Наурыз айында екінші клиникалық топтағы динамикалық бақылау аясында пациенттердің көбірек санын қамту мақсатында онкопатологияның ағымын болжау және бақылау үшін барлық науқастардан онкомаркер алынды. Сондықтан инвазиялық араласулардың өсуі байқалды. 30 наурызда лейкопластырдің шамадан тыс қолданылуына байланысты қосымша өтініш берілді. "СК-Фармацияның" ресми жеткізуші өкілінің айтуынша, жеткізу мерзімі 3 жұмыс күнін құрайды", – делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары