Тікелей эфир

Ақтаудағы 15 млн теңге жұмсалған жасанды қызғалдақ алқабы бүгінде қаңырап бос тұр

Жарамсыз күйге түскен гүлдердің орнына пластик көгал қойылғанымен, ол да ұзаққа бармаған.

Ақтауда 15 миллион теңгеге орнатылған жасанды қызғалдақ алқабының орны қазір қаңырап бос тұр. Былтыр қазан айында қала әкімдігі арнайы тапсырыспен пластик гүлдер еккен еді, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

"Шенеуніктер жасанды гүлзар түнде жарық шамдарымен безендіріліп, қалаға көрік береді деп сенген. Алайда миллиондар жұмсалған жасанды гүлдердің көп ұзамай тоқтары үзіліп, мүлдем жарамсыз болып қалды", – делінген арна хабарламасында.

Қызғалдақтар алқабы кәдеге аспаған соң оның орнына пластик көгал қойылған. Бірақ, арнаның хабарлауынша,  ол да балалардың ойын алаңына айналып, бұрынғы кебін қайта киген.


Оқи отырыңыз: Маңғыстау және Түркістан облыстарына баратын үздік ұстаздарға әлеуметтік қолдау көрсетіледі


 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
1

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары