Тікелей эфир

Ақтауда республикалық Құран байқауы басталды

Байқауға 80 үміткер қатысып жатыр.

Ақтау қаласында ХІI республикалық "Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу" байқауы басталды, деп хабарлады Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының баспасөз қызметі.

Шараның ашылу рәсімінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы байқаудың әулиелер мекені – Маңғыстау облысында "Бекет ата" мешітінде өткізіліп отырғанын ерекше атап өтті.

"Республикалық деңгейде қарилар арасында қасиетті Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқудан он екінші рет байқау ұйымдастырып отырмыз. Байқауға қатысушылар Құран Кәрімнің 30 парасын, 20 парасын, 10 парасын жатқа және мәнерлеп оқу номинациялары бойынша бақ сынайды. Байқауға 80 үміткер қатысуда", – деді бас мүфти.

Фото: Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы

Байқау қатысушыларына қойылатын басты талаптың бірі – Құран ережесіне сай жатқа және мәнерлеп оқу. Оның мақсаты – қоғамда Құранға деген құрметті арттыру, шәкірттерді Құран жаттауға жігерлендіру, жалпы халыққа Құран құндылықтарын насихаттау.


Оқи отырыңыз: Ақтауда ХІІ республикалық Құран Кәрім байқауы өтеді


 

Серіктестер жаңалықтары