Алматы облысына қарасты Ақши ауылының халқы биліктен мәдениет үйін салып беруді сұрады. Айтуларынша, 90-жылдардың соңында жекеменшікке өткен жалғыз мәдениет үйі жұмысын тоқтатқан, деп хабарлайды 31-арнаның "Информбюро" ақпараттық бағдарламасы.
"1994 жылы қыздар дискотека қойып жүрді. Содан бері жұмыс істемейді. Қазір 29 жыл болды. Моловодныйға барамыз, Есікке барамыз. "Машинаңмен ала кетші" деп қолы жеткені барады. Біздің де барғымыз келеді, бірақ мүмкіндігіміз жоқ", – деді Ақши ауылының тұрғыны Тұмар Алтайова.
Тұрғындар баласын көрші ауылдағы үйірмелерге жіберуге мәжбүр екенін айтады. Балалары мектептен кеш қайтатындықтан, ең болмаса бастауыш сынып оқушыларына мәдениет үйін ашып берсе деп отыр.
Оқи отырыңыз: Балаларға арналған 50 сауықтыру орталығы қашан ашылады?
"Балалар мектептен 8-де, 8-ден 20 кеткенде шығады. Кешке 7-8 сабақ, күтіп, уайымдап отырамыз. Ескі мектеп қайтарылса, содан кейін мына балалар ойнайтын алаң керек", – деді Ақши ауылының тұрғыны Гүлмира Әлижанова.
Аудандағы жауапты мамандар мәдениет иесінің қомақты қаражат сұрағанын айтады. Кәсіпкерге сұраған қаржысын беруден бас тартқан шенеуніктер 2025 жылға қарай мәдениет үйін салуды жоспарлып отыр.
"Бүгінде Ақши ауылында салынған 600 орындық мектепте 950-ге жуық бала оқиды. Екі ауысыммен оқиды, әрине. 600 орындық мектеп болса, екі ауысыммен 1200 оқушыға дейін оқи алады. Үш ауысыммен оқиды деген қауіп жоқ", – деді Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің бас маманы Зарина Бөлекбаева.
Оқи отырыңыз: Түркістан облысында 13 елді мекен таратылады