ҚР президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен "Балаларға арналған 50 сауықтыру лагерін ашу, балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамыту үшін кемінде 100 жаңа ірі объектілер салу жөніндегі 2023-2025 жылдарға арналған жол картасы" әзірленді. Оның жобасы Ашық НҚА порталында жарияланды.
Жол картасына сәйкес, алғашқы екі сауықтыру орталығы биылғы желтоқсанда Ақмола және Жамбыл облысында пайдалануға беріледі.
Сондай-ақ, 2024 жылғы желтоқсанда 15, 2025 жылғы мамырда 23, 2025 жылғы желтоқсанда тағы 20 сауықтыру орталығы жұмысын бастауы тиіс.
Жаңа сауықтыру орталықтары Қазақстанның барлық 20 өңірінде де ашылады.
Сондай-ақ биылғы желтоқсаннан бастап 2025 жыл соңына дейін республиканың барлық өңірінде балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуға арналған 100 жаңа орталық жұмысын бастайды.
Оқи отырыңыз: Астана мен Алматыда халықаралық француз орта мектебі ашылады