2024 жылғы 5 қарашаға жоспарланған АҚШ президенті сайлауының сайлауалды науқаны басталды, деп хабарлады "Америка дауысы" басылымы. Атап айтқанда, кей штаттарда бюллетеньдерді тарату жұмыстары басталды. Бұл бюллетеньдер негізінен басқа елдердегі және әскер қызметіндегі сайлаушыларға арналған. Бұл сайлауалды науқанның басталғанының белгісі.
Басылымның жазуынша, алғашқы президенттік дебат 10 қыркүйекке жоспарланған болса, оған қатысуға президенттікке үміткер Дональд Трамп та, Камала Харрис те келісім берген. Сондай-ақ вице-президенттікке үміткер Том Уолз бен Джей Ди Вэнс арасындағы теледебат 1 қазанда өтеді.
Сондай-ақ, 20 қыркүйекте кей штаттарда мерзімінен бұрын дауыс беру басталатыны белгілі болды. Ал негізгі сайлау 5 қарашаға жоспарланғанын еске саламыз. Бұл – ел тарихындағы алпысыншы сайлау болатын болса, онда АҚШ-тың қырық жетінші президенті сайланады. АҚШ президенттігіне Демократиялық партиядан Камала Харррис, ал Республикашылар партиясынан Дональд Трамп сайлауға қатысып жатыр.
Сайланған президенттің инаугурациясы 2025 жылғы 20 қаңтарға жоспарланған.
Оқи отырыңыз: Ақ үй: АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырды