АҚШ президенті Джо Байден коронавирус жұқтырды. Бұл туралы BBC жазды.
Ақ үйдің баспасөз хатшысы Карин Жан-Пьер Байденнің сырқаты жеңіл түрде өтіп жатқанын хабарлаған болатын. Ол бұған дейін президентке негізгі әрі денсаулығын нығайтатын екпе егілді деп сендірген еді.
81 жастағы Байден сәрсенбі күні Лас-Вегасте өткен сайлау алды шараға қатысты. Жоспар бойынша ол кешкілік Лас-Вегасте мінберде сөз сөйлеуі тиіс еді, алайда енді сөз сөйлемейтін болды.
Оқи отырыңыз: "Саясат шайқас алаңына айналмауы керек". Байден Трампқа жасалған қастандыққа байланысты мәлімдеме жасады
Жан-Пьердің айтуынша президент Делавэр штатындағы өз үйінде карантинге жабылып, оқшауланғанды жөн көрген. Десе де өзінің лауазымдық міндеттерін атқара бермекші.
Байденнің дәрігері Кевин О’Коннор прессаға президентте мұрын бітелу мен жөтел бар екенін әрі ол Paxlovid препаратын қабылдап жатқанын хабарлады. Ол басында өзін жақсы сезінген, алайда кезекті сараптама нәтижесі оның қайтадан коронавирус жұқтырып алғанын көрсеткен.