Тікелей эфир

АҚШ Қазақстанда АЭС салуға қызығушылық танытып отыр

Хуш Чокси АЭС салуға қатысты тендер жарияланған жағдайда қатысатынын айтты.

АҚШ Қазақстанда АЭС салуға қызығушылық танытып отыр, деп хабарлады 31 арнаның Информбюро ақпараттық бағдарламасы.

Американың сауда палатасының вице-президенті Хуш Чокси соңғы технологияларды пайдалана отырып біздің елде атом электр стансасын салуға дайын екенін тағы бір мәрте мәлімдеді.

Сонымен қатар ол АЭС салуға қатысты тендер жарияланған жағдайда қатысатынын айтты.

"Біз бұл тақырыпты Зерттеу реакторының кешені бас инженерінің орынбасары Асхат Бекбаевпен талқылап көрмекпіз", – деді Американың сауда палатасының вице-президенті.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары