
Рейстер аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалады.
ҚР Көлік министрлігі тұрақты негізде ұшу географиясын кеңейту және қолданыстағы бағыттар бойынша рейстер санын арттыру бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
2025 жылғы 27 мамырдан бастап SCAT қазақстандық әуе компаниясы Шымкент–Будапешт бағыты бойынша Венгрияға жаңа бағыт ашуды жоспарлап отыр.
"Рейстер Boeing 737 үлгісіндегі әуе кемелерінде аптасына екі рет (сейсенбі және сенбі күндері) жиілікпен орындалады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", – делінген хабарламада.