Алматыдан Мумбайға тікелей әуе рейсі ашылады

Фото Depositphotos.com
Фото Depositphotos.com
Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады.

Алматыдан Мумбайға тікелей әуе рейсі ашылды, деп хабарлайды Көлік министрлігі.

Көлік министрлігінің мәліметінше, туризмді дамыту мақсатында осы жылдың 20 сәуірінен бастап Air Astana әуекомпаниясы Алматы–Мумбай бағыты бойынша Үндістанға рейстер ашады. Рейстер аптасына үш рет Airbus ұшақтарында орындалады.

Осылайша, елдер арасындағы жолаушылар рейсі үш әуе компаниясының төрт әуе бағыты бойынша аптасына 21-ге дейін артады.

"Қазіргі уақытта Алматы–Дели (Air Astana және IndiGo әуе компаниялары аптасына жеті рейс орындайды), Алматы–Гоа (SCAT – екі рейс) және Астана–Гоа (Fly Arystan – екі рейс) бағыттарында тұрақты әуе қатынасы жүзеге асырылады. Әуе қатынасының ашылуы екі ел арасындағы сауда-экономикалық, іскерлік және туристік ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ықпал етеді", – делінген хабарламада.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары