Apple компаниясы құрал-жабдықтардың жетіспеушілігіне байланысты Азиядағы серіктестерінің зауытында iPhone мен iPad шығаруды тоқтатты, деп хабарлайды Nikkei басылымы.
Жыл сайын жаңа жыл қарсаңында Қытай фабрикалары 24 сағат жұмыс істеу режиміне көшеді. Алайда 2021 жылы зауыттар 10 жылда алғаш рет өнім шығаруды тоқтатты.
Инсайдерлердің айтуынша, жұмысшылардың жұмысын жалғастыруына қажет құралдардың жетіспеушілігі себеп болып отыр. Мамандар Apple компаниясының өндіріс көлемін миллион бірлік гаджетке дейін қысқартқанын мәлімдеді. Осының салдарынан компания миллиард доллар көлеміндегі табысынан айырылмақ. Сондай-ақ, қазір смартфон немесе планшетке тапсырыс бергендер оны 2022 жылдың басына дейін ала алмауы мүмкін.
Оқи отырыңыз: Қазақстандықтар Apple мен АҚШ банкінің акцияларын сатып алып жатыр
Nikkei мамандарының анықтауынша, қазіргі уақытта iPhone 13 Pro Max гаджетін жасап шығару үшін екі мыңға жуық бөлшек жетіспейді. Оның үстіне қымбатқа түсетін – процессор, модуль, экран және 5G тапшы болып отыр.
"Қажет компоненттің 99%-ы қолыңызда бола тұрып, тағы бір, екі немесе үшеуі жетіспесе, онда өнімді құруды бастай алмайсыз", – деп түсіндірді Америкадағы компаниялардың біріне тапсырысты жеткізуші.
Samsung, Xiaomi, Oppo, HP, Dell, Acer, Nintendo сынды компаниялар да дәл осындай қиындықтарға тап болып отыр.
Еске салсақ, бұдан былай iPhone +18 суреттерді көрмек болған балалардың ата-анасына хабарлама жібереді. Messages қосымшасына жалаңаштанған адамның суреті келсе, балаға блюр эффекті қолданылған күйде көрсетіледі.