Amazon, Ozon және өзге де шетелдік маркетплейстер Қазақстанда тіркелуге міндеттеледі

Фото: Depositphotos.com
Фото: Depositphotos.com
2024 жылдың 11 айында онлайн саудаға 3,2 трлн теңге жұмсаған.

Үкімет отырысында Сауда және интеграция министрі Арман Шакқалиев шетелдік маркетплейстерді тіркеу бойынша электрондық платформаны енгізуді ұсынды. 

Бұдан басқа, олар үшін тауарлардың қауіпсіздігі, контрафактіге қарсы күрес, тұтынушылардың құқықтарын қорғау, жеке деректерді сақтау және қорғау, салықтық және кедендік ашықтық жөніндегі талаптарды сақтау мақсатында міндетті шарттарды енгізу жоспарланып отыр. Мұндай шараларды қабылдауға сатушылары Қазақстанның юрисдикциясынан тыс орналасқан шетелдік онлайн-сауда алаңдарына азаматтардың шағымдарының көбеюі себеп болды.


Оқи отырыңыз: Базар vs онлайн сауда: Қазақстанда қайсының болашағы бар


Арман Шаққалиев, сондай-ақ қазақстандықтар онлайн-сатып алуға 3,2 трлн теңге жұмсағанын хабарлады. 

"Қазақстандықтар онлайн сатып алуға көбірек ақша жұмсай бастады. 2024 жылдың 11 айының қорытындысы бойынша азаматтар 3,2 трлн теңге жұмсады", – деді министр. 

Ведомство басшысының айтуынша, 2020 жылдан бастап еліміздегі электрондық сауда көлемі бес есеге ұлғайған. Алайда, бұл әлі де әлемдік орташа деңгейден төмен. 

2029 жылға қарай электрондық сауда көрсеткішін үш есеге ұлғайту және оны 9,3 трлн теңгеге дейін жеткізу жоспарланып отыр. Бұл саланы ілгерілету үшін Үкімет онлайн-коммерцияны дамыту жоспарын қабылдады. Ол электрондық сауда мәселелері бойынша заңнаманы жетілдіруді, еліміздің барлық өңірлерінде электрондық сауданы оқыту курстарын іске қосуды, кәсіпкерлер үшін электрондық саудада мемлекеттік қолдаудың қаржылық шараларын енгізуді көздейді.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары