Тікелей эфир

Алматылық оқушылар Қазақстанның рекордтар кітабына енді

"Тоғызқұмалақ күніне" орай 2000 астам алматылық жоғары сынып оқушылары бір мезетте тоғызқұмалақ ойнап, Қазақстанның рекордтар кітабына енді.

Алматы қаласы әкімінің хабарлауынша, аталған іс-шараны Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен Алматы қаласының тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығы ұйымдастырды.

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Ләззат Жылқыбаева ойынды салтанатты түрде бастап берді. Сонымен қатар, Алматы қаласы тоғызқұмалақ зияткерлік ойынының ордасы болып таңдалды. Мұны Дүниежүзілік және Республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті Әлихан Бәйменов хабарлады.

2020 жылы тоғызқұмалақ ЮНЕСКО шешімімен адамзаттың мәдени мұра тізіміне енгізілді.


Оқи отырыңыз: 2020 адам бірігіп салған "Әлем бейнесі" картинасы қалай Гиннесс рекордтар кітабына енді.


 

Серіктестер жаңалықтары