Тікелей эфир

Алматыдан 30 тоннадан астам гуманитарлық көмек Атырау облысына жөнелтілді

Көмек қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.

Алматылықтар су тасқынынан зардап шеккен Атырау облысының тұрғындарына 30 тоннадан астап гуманитарлық көмек жинады. Оның ішінде 12 тонна азық-түлік, 10 тоннаға жуық киім, 7,2 тонна гигиеналық заттар, 2 тоннадан астам тұрмыстақ заттар, 200 килограммнан астам дәрі-дәрмек және т.б. заттар бар. Бұл туралы Алматы қаласының әкімдігі хабарлады.

Алмалы ауданы комьюнити орталығында ашылған кабылдау пункті 29 наурыздан бастап жұмыс істеді. Жәрдем қолын созуға қала тұрғындары, кәсіпкерлер және белсенді жастар атсалысты.

Гуманитарлық көмек қабылдау пунктінің жұмысына қаланың 30-дан астам ірі волонтерлік ұйымынан 150-ден астам еріктілер жұмылдырылды.

«Су тасқынынан зардап шеккен аймақтар қазіргі ахуалды және қандай заттар қажет екенін хабарлап, бізге барлық ақпаратты жолдап отырады. Алдыңғы аптада біз Орал қаласына 10 тонна гуманитарлық көмекті табыстап қайттық. Ал қазір Атырау облысына гуманитарлық көмек жинап, жіберіп жатырмыз. Атырау облысына жиналған заттардың бір бөлігін Air Astana және Fly Arystan компаниялары, екінші бөлігін қаламыздың кәсіпкерлері жүк көлігімен тегін жеткізіп беруге ниет білдірді. Гуманитарлық көмекті жинауға атсалысқан барша алматылықтарға ерекше алғыс білдіремін», – деді Алматы қаласы волонтерлер фронт-офисының жетекшісі Бағдат Анарбаева.


Оқи отырыңыз: Су тасуы ықтимал өңірлерде мыңдаған үй қараусыз қалды


Алмалы ауданының комьюнити орталығында ашылған гуманитарлық көмек қабылдау пункті жұмысын жалғастыра береді. Жұмыс уақыты демалыссыз 10:00-ден 19:00-ге дейін.

Серіктестер жаңалықтары