Биыл қаладағы субұрқақтар маусымы 1 қазанға дейін созылады.
Алматыда субұрқақтарды іске қосу үшін дайындық жұмыстары басталды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
"Субұрқақтар биыл ақпан айында қабылданған ережеге сәйкес 1 мамырдан 1 қазанға дейін күн сайын сағат 8.00-ден 23.00-ге дейін жұмыс істейді", – делінген хабарламада.
Оқи отырыңыз: Алматыда тегін секция мен үйірмелерге 2 мамырдан бастап тіркелуге болады
Бұған дейін субұрқақтар маусымы 25 мамырдан 25 қазанға дейін созылатын. Әкімдік субұрқақтар +5°С жоғары температурада жұмыс істей алатынын атап өтті.