26 сәуірден бастап Алматыда мемлекеттік шығармашылық және спорттық тапсырыстарды орналастыру үшін жеткізушілерден өтінім қабылдау басталады. Ал ата-аналар порталдағы үйірмелер мен секцияларға қатысу үшін балаларын 2 мамыр сағат 18:00-ден бастап тіркей алады, деп хабарлады Алматы әкімдігі.
Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, балалар мен жасөспірімдерге арналған шығармашылық үйірмелерде мемлекеттік шығармашылық тапсырысты орналастыру және олардың жұмыс істеу қағидасының 12-тармағына сәйкес, өтінім қарау және ваучерлерді бөлу оператордың биылға арналған бюджетінде көзделген мемлекеттік тапсырыс үшін қаражат көлемі толық бөлінген кезде аяқталады.
Платформаның қолдау қызметімен Telegram арқылы хабарласуға болады:
Оқи отырыңыз: "Болашақпен" тіл курсын оқып, қалай шетелде білім алуға болады?
Сондай-ақ, келесі телефон нөмірлері арқылы сұрақтарға жауап алуға болады:
- Спорт басқармасы: 292-41-67;
- Мәдениет басқармасы: 272-03-17;
- Алатау ауданы әкімінің аппараты: 299-86-49;
- Алмалы ауданы әкімінің аппараты: 272-56-98;
- Әуезов ауданы әкімінің аппараты: 303-25-58;
- Бостандық ауданы әкімінің аппараты: 275-50-68;
- Жетісу ауданы әкімінің аппараты: 384-27-60;
- Медеу ауданы әкімінің аппараты: 291-64-94;
- Наурызбай ауданы әкімінің аппараты: 307-45-53;
- Түрксіб ауданы әкімінің аппараты: 223-11-15;
- DamuBala платформасын әзірлеуші: +7 (775) 007-59-20.