Тікелей эфир

Алматыда қала маңына қатынайтын жаңа бағыт іске қосылды

30 қазаннан бастап көлік желісіне қала маңына қатынайтын №247 бағыт бойынша 4 автобус шығады.

№247 бағыттағы автобус "Төле би көшесінің бұрылыс алаңы – Яссауи көшесі – Мыңбаев кенті" сызбасы бойынша қозғалатын болады. Бұл туралы Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Жолаушылар мен жүкті автомобиль көлігімен тасымалдау Ережелеріне сәйкес қызмет «Алматы трансавто» ЖШС тасымалдаушысына берілді. Осы бағытта көліктік қызмет көрсету үшін сыйымдылығы шағын Isuzu le-60 маркалы автобустар жүретін болады", – деп жазылған хабарламада.


Оқи отырыңыз: Алматыда жаңа автобус бағыты іске қосылды.


Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы Алматы қаласының мобильділік басқармасы 25 елді мекенді қамти отырып, қала маңында 10 жаңа бағытты ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Бұған дейін 4 бағыт іске қосылған:  №223 (Саяхат – Нұра ауылы және Туғанбай ауылдары), №233 (Қараой – Саяхат ауылы), №240 (Батыр ауылы – "Адем-1" СҮ, Солтүстік айналым көшесі), №236 (Төле би – Яссауи бұрылыс алаңы – Қарғалы кенті). Қалған бағыттар әзірленуде.

Серіктестер жаңалықтары