Тұрғындардың өтініші бойынша көлік желісіне 8 автобусы бар №9 жаңа бағыт іске қосылды. Ол "Қайрат" шағын ауданынан "Райымбек" метросына дейін жүретін болады. Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Түрксіб ауданының тұрғындарымен кездесу барысында айтты.
Қала билігі қоғамдық көліктердің қызмет көрсету сапасын жақсарту мәселесіне ерекше көңіл бөледі. Ағымдағы жылдың соңына дейін Түрксіб ауданының көлік желісіне 130 жаңа бірлік шығады.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда құрастырылған су жаңа автобустар бір жылға жетпей бұзылып жатыр.
Сонымен қатар, оқу жылының басынан бері Алматыда "Мектеп автобусы" ауқымды жобасы іске қосылды. Түрксіб ауданында 4 бұл игілікті іске 4 мектеп қатысуда, олар— №20, 32, 162, 115. Бұларға 7 сары түсті автобус қызмет көрсетеді. Автобус мектептерден алыс тұратын балалар оқуға әкеледі және сабақ аяқталған соң үйлеріне жеткізеді. Бағдарлама қалалық бюджеттен қаржыландырылады, келесі жылы оны кеңейтіп, басқа мектептерде де іске асыру жоспарлануда.