Тікелей эфир

Алматыда адамдарды қаққан автобус оқиғасы: Сотталушы соңғы сөзінде не айтты

Дархан Ахметжанов жазаның ең төменгі мөлшерін сұрады.

Алматыда аялдамада автобус адамдарды қағып кеткен адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы бойынша сотталушы Дархан Ахметжанов соңғы сөзін айтты.

Ол тек "Бұзақылық" бабы бойынша кінәсін мойындады. Сотталушы ашға бой алдырып, үлкен қателік жібергенін айтты.

"Мен бұзақылық жасағаныма қатты өкінемін және мен өзім үшін үлкен өмірлік сабақ алғанымды түсінемін. Енді ешқашан бұлай істемейтініме сенемін. Маған сенулеріңізді сұраймын", – деді Дархан Ахметжанов.

Ол судьядан бұрын сотты болмағанын ескеруді сұрады. Дархан Ахметжановтың айтуынша, ол нанын адал еңбекпен тапқан қарапайым құрылысшы.

"Мен үш ұлдың әкесімін және жалғыз асыраушысымын. Мен соттан осы фактілерді ескеріп, жазаның ең төменгі мөлшерін сұраймын. Қайтыс болған адамдардың отбасынан адами түрде кешірім сұраймын. Көңіл айтамын. Бұл сізге өте қиын екенін түсінемін. Сізбен бірге менің де жүрегім ауырады, көңіл айтамын. Егер сіз мені кінәлі деп санасаңыз, шын жүректен кешірім сұраймын. Зардап шеккендерден де кешірім сұраймын. Алла денсаулық берсін, тез сауығып кетсін. Мен де отбасымнан, ата-анамнан, әйелімнен оларды осындай қиын жағдайда қалдырғаным үшін, алаңдатып қойғаным үшін кешірім сұраймын", – деді ол көзіне жас алып.

Судья Дархан Ахметжановқа қатысты үкім бүгін, 26 сәуірде сағат 16:30-да жарияланатынын айтты.


Оқи отырыңыз: Алматыда автобус аялдамадағы адамдарды қағып кетті: прокурор сотталушыны 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады


 

Серіктестер жаңалықтары