Тікелей эфир

Алматы тұрғындарын газ тапаншамен қаруланған "жалған полицейлер" тонаған

Өткен-кеткендерге олардың есірткі қылмысын жасады деген күдік бар екені айтылған.

Алматыда жалған полицейлер өтіп бара жатқан адамдарды газ тапаншамен қорқытып, ақшалары мен телефондарын тартып алған. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады.

Өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған екі азамат өтіп бара жатқан адамдарды тонаған.

"Тергеу кезінде күдіктілер 27 және 20 жастағы екі азамат жастарды тоқтатып, өздерін полиция қызметкері ретінде таныстырған. Оларға жалған қызметтік куәлік көрсетіп, есірткі қылмысын жасады деген күдікпен ұсталды деп сендірген. Одан кейін ақша талап етіп, көнбеген жағдайда газ тапаншасымен қорқытып, телефондары мен ақшасын тартып алған. Қазіргі уақытта ұсталғандардың қаланың басқа аудандарында да осыған ұқсас қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталып жатыр. Екі күдікті де уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.

Сонымен қатар, полиция ҚР Қылмыстық кодексінің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.


Оқи отырыңыз: "200 мың теңге". Ақтөбеде жүргізуші куәлігін сатқан ХҚКО қызметкерлері ұсталды.


 

Серіктестер жаңалықтары