18-19 қарашада күндері сағат 80:00-17.00 аралығында Алматы облысының 60 шаруа қожалықтарының қатысуымен кеңейтілген ауылшаруашылығы жәрмеңкесі өтеді. Бұл турала Алматы қаласы әкімдігі хабарлады.
Жәрмеңкеде 40-тан астам өнім түрлері (ет, сүт, жеміс-көкөніс, шұжық өнімдері, өсімдік және жануар майы және т.б.) ұсынылады. Өнімнің жалпы көлемі – 150 тонна, оның ішінде ет – 25 тонна, жеміс – көкөніс – 100 тонна, сүт – 10 тонна, балық – 5 тонна, өзгелері – 10 тонна.
Өтетін орны:
Шевченко көшесіндегі «Шоқан Уәлиханов» алаңы және Қонаев көшесі мен Пушкин көшесінің арасында.
Оқи отырыңыз: Астанада бос жұмыс орны жәрмеңкесінде екі мыңға жуық орын ұсынылды
Сонымен қатар, демалыс күнгі ауылшаруашылық жәрмеңкелері қаланың мына аудандарында да өтеді:
- Гоголь-Масанчи көшесі (Алмалы ауданы);
- «Қазақфильм» шағынауданы (Бостандық ауданы);
- Абай даңғылы мен Өтеген батыр көшесінің қиылысы (Әуезов ауданы);
- Меңдіқұлов көшесі мен Бектұров көшесінің қиылысы;
- Шевченко көшесі мен Қонаев көшесінің қиылысы (Медеу ауданы).