Қыз төртінші сыныпта оқитын.
Алматы облысында оқушы қыз сабақ үстінде ауырып, көп ұзамай жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Бұл туралы облыстық білім басқармасынан хабарлады.
Оқушы қыз 23 сәуірде Қарасай ауданы, Қошмамбет ауылында қайтыс болды. Қошмамбетов атындағы мектепте сабақ кезінде 4-сынып оқушысы есінен танып қалған. Ведомство қызға медициналық көмек көрсетілгенін айтты. Бірақ әрекет нәтижесіз болды, ол жедел жәрдемде қайтыс болды.
Тәртіп сақшылары қайғылы оқиғаның мән-жайын анықтауға кірісті. Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі кейінірек түсініктеме беруге уәде берді.
Оқи отырыңыз: Ақтөбеде спорт мектебінің оқушысы құлап, есінен танып, көз жұмды