Тікелей эфир

Алматы облысында әйел ер адамды көлік дөңгелегінің астына итеріп жіберді: сот үкім шығарды

Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан сол жерде көз жұмды.

19 ақпанда Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты Алматы-Бішкек тас жолында ер адамды жүк көлігінің дөңгелегі астына итеріп жіберген әйелге қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды соттың баспасөз қызметі.

Бұл 2023 жылдың қазан айында болды. Сотталушы мен оның серіктесі Алматы-Бішкек тас жолының Қарасай ауданында бойында болған. Екеуі де мас күйде болған. Олардың арасында жанжал шығып, салдарынан әйел ер адамды жүк көлігінің дөңгелектерінің астына итеріп жіберген.

Жәбірленуші алған жарақаттарының салдарынан сол жерде көз жұмды.

"Сотталушының кінәсі толық дәлелденді және расталды. Сотталушының қылмыстық жауаптылығы мен жазасын жеңілдететін мән-жайлар анықталмады, алжазаны ауырлататын мән-жай – алкогольдік масаң күйде болуы", – деп жазылған хабарламада.

Сот әйелді Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабының 1-бөлігі "Адам өлтіру" бойынша кінәлі деп таныды. Ол 10 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды.


Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында ауыл әкімі тағы да мас күйде рөлге отырып, 15 тәулікке қамалды


Соттың үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары