Алматы метрополитені 17 қаңтардан бастап жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды қалалық мобильділік басқармасы.
Метро таңғы сағат 07.00-ден кешкі сағат 21.00-ге дейін жұмыс істейді.
Пойыздардың қозғалыс интервалы қарбалас уақытта – 10 минут, басқа уақытта – 13 минут.
"Сондай-ақ, 17 қаңтардан бастап қоғамдық көлік, оның ішінде троллейбустар мен қала маңы маршруттарының жұмыс уақыты сағат 21:00-ге дейін ұзартылады. Осылайша, қалалық маршруттар таңғы сағат 08:00-ден 21:00-ге дейін, қала маңы маршруттары сағат 09:00-ден кешкі сағат 21:00-ге дейін жұмыс істейтін болады", – деп хабарлады Алматы қалалық мобильділік басқармасындағылар.
Еске салсақ, караоке, цирк, түнгі клубтардың жұмысының тоқтайтыны туралы хабарлаған едік. Алматыда "Омикронға" байланысты тағы қандай шектеулер енгізілді.