Итбалықтар теңіздің толқынымен жағаға шығып қалған.
Ақтауда теңіз жағасынан өлі итбалықтар табылды. Бұл туралы Qazaqstan.tv хабарлады.
Теңіз жануарларын демалушылар байқаған. Олардың айтуынша, итбалықтар теңіздің толқынымен жағаға шығып қалған.
Ал бір ай бұрын Баутино ауылы аумағынан да оннан аса өлексе табылған еді. Түпқараған ауданындағы жағалаудың өзінен ғана жыл басынан бері 200-ге жуық өлі итбалық жиналған.
Оқи отырыңыз: Каспий жағасында жетпіске жуық итбалық өлексесі табылды