Тікелей эфир

Каспий жағасында жетпіске жуық итбалық өлексесі табылды

Өлекселер дауыл кезінде жағаға шығып қалған.

Маңғыстау облысы Форт-Шевченко қаласының жанында, Каспий теңізінің жағалауынан 64 өлі итбалық табылды, деп хабарлады "Лада" жергілікті балық инспекциясы басқармасына сілтеме жасап.

Итбалық өлекселерімен қатар, жағаға бес бекіре тұқымдас балық шығып қалған. Басқарманың хабарлауынша, бұған дейін теңізде дауыл болған.

"Оңтүстік-батыс бағытта соққан күшті жел соғып, теңізде дауыл тұрды. Итбалық өлекселері осы кезде жағаға шығып қалған", – деп хабарлады балық инспекциясы.

Мамандар өлекселер және су мен аудан сынама алып, экологтар мен жергілікті әкімдік өкілдерінен құралған комиссия аумаққа зерттеу жүргізді.


Оқи отырыңыз: Қазақстандық ғалымдар Қызыл кітапқа енген Каспий итбалығы майының пайдасын жоққа шығарды


 

Серіктестер жаңалықтары