Абу-Даби әмірлігі Рамазан айына қазақстандықтарға ерекше туристік бағдарлама әзірледі

Фото: Абу-Даби әмірлігі мәдениет және туризм департаменті
Фото: Абу-Даби әмірлігі мәдениет және туризм департаменті
Ал 26 сәуір мен 5 мамыр аралығында Абу-Дабиде Халықаралық кітап көрмесі өтеді.

Біріккен араб әмірліктерінің Абу-Даби әмірлігі мәдениет және туризм департаменті көктемге арналған туристік бағдарламасын таныстырды. Бұл – Қазақстандықтар үшін ең танымал туристік бағыттардың бірі, сондықтан Абу-Даби әмірлігі өз бағдарламасында қазақстандықтардың талап-тілегі мен қалауын ескерген. 

Көктемгі туристік маусым биыл қасиетті Рамазан айымен (1-29 наурыз аралығы) тұспа-тұс келеді. Соған орай, Абу-Даби әмірлігінің мейрамханалары сәресі мен ауызашардың ерекше мәзірін ұсынбақ және оны арнайы шатырларда ұйымдастыруды жоспарлап отыр. Сондай-ақ, Рамазан айының құрметіне түрлі жеңілдіктер қарастырылған. 

"Мейрамханалар мен қонақүйлер бір ай бойы Парсы шығанағының жағалауында шатырлар тігіп, сәресі мен ауызашар дастарханын жаяды. Ал Emirates Zoo Park қонақтары табиғат аясында, тіпті жираф, піл және өзге де жануарларға жақын орналасқан шатырларда тамақтана алады. Ас мәзірі Рамазан айында ішуге кеңес етілген тағамдардан тұрады. Ал күндізгі уақытта қонақтар үшін түрлі экскурсиялар ұйымдастырылады", – делінген Абу-Даби әмірлігі мәдениет және туризм департаментінің хабарламасында. 

Фото: Абу-Даби әмірлігі мәдениет және туризм департаменті

Одан бөлек, 1-21 наурыз аралығында ойын турнирлері, ақындардың шығармашылық кештері және Қолөнершілер үйінде шеберлік сағаттары ұйымдастырылмақ. 


Оқи отырыңыз: Рас-эль-Хайма әмірлігі Алматыда туристік жобаларын таныстырды


Абу-Даби әмірлігі мәдениет және туризм департаментінің хабарлауынша, Рамазан айынан кейін де әмірлікте мерекелік және шығармашылық шаралар үзілмейді. Айталық 26 сәуірде Etihad Park-те Offlimits фестивалі аясында Эд Ширан өнер көрсететін болса, 3 мамырда танымал әнші Стингтің концерті Etihad аренасында өтеді. Ал 26 сәуір мен 5 мамыр аралығында Абу-Дабидің ұлттық көрме орталығында Халықаралық кітап көрмесін өткізу жоспарланып отыр. Көктемгі бағдарламада қамтылған тағы бір маңызды шара – Public Art Abu Dhabi. Оған Біріккен араб әмірліктері мен өзге де елдерден 70 үздік суретші жиналып, өз туындыларын ұсынбақ. 

Әрине, шығармашылық шаралардан бөлек, жағажай туризмі де өз қызметін тоқтатпайды. Биылғы көктемде Абу-Даби қонақтары Jubail саябағында мангро ағаштарының көліңкесінде серуендеп, тасбақа, құтан, қарақұйрықтарды тамашалай алады. Туристер үйренген Soul Beach, Marsana East жағажайларынан бөлек, Surf Abu Dhabi серфинг орталығы да іске қосылды. 

Фото: Абу-Даби әмірлігі мәдениет және туризм департаменті

"Ал балалар үшін Яс аралында төрт тақырыптық парк жұмыс істейді. Олардың қатарында Ferrari World, Warner Bros. World, SeaWorld және Yas Waterworld бар", – делінген хабарламада. 

Фото: Абу-Даби әмірлігі мәдениет және туризм департаменті

 

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары