Тікелей эфир

"7-20-25" ипотекасының мерзімі 2029 жылға дейін ұзаруы мүмкін

Ұлттық банк бағдарламаны қаржыландыру мүмкіндіктерін қарастырып жатыр.

Ұлттық банк "7-20-25" жеңілдетілген ипотекасының мерзімін ұзартуды қарастырып жатыр. Бұл туралы ҚР Ұлттық банкіне сілтеме жасап Krisha.kz хабарлады.

Президент сайлауалды тұғырнамасын орындау аясында "7-20-25" бағдарламасын 2029 жылға дейін жүзеге асыруды тапсырды. Негізгі шарттар сақталады:

  • жылдық мөлшерлеме – 7%;
  • бастапқы жарна – 20%;
  • несие беру мерзімі – 25 жыл.

Ұлттық банк бағдарламаны қаржыландыруға қатысты белгілі бір параметрлерді анықтайды. Қабылданған шешімдер Ұлттық банк Үкіметпен талқылаған соң жарияланады.


Оқи отырыңыз: "Жетісу жастары" тұрғын үй бағдарламасының шарттары белгілі болды


Еске салайық, қаржыландырудың бастапқы сомасы 1 триллион теңгені құрады. Осы уақытқа дейін қаражат толық игерілмеген. Бос лимит 188 миллиард теңгені құрайды.

Игеру қарқыны бойынша бөлінген қаржы 2023 жылы таусылады деп болжам жасалған. 

Серіктестер жаңалықтары