Партия төрағасы Ерлан Қошанов съезді шақыру туралы қаулыға қол қойды.
Amanat партиясының төрағасы Ерлан Қошанов кезектен тыс XXIV съезді 6 қазанға Астана қаласына шақыру туралы қаулыға қол қойды, деп хабарлады партияның баспасөз қызметі.
"Съезд жұмысына еліміздің барлық аймағынан делегаттар қатысады. Орталық аппарат өңірлік филиалдармен бірге дайындық іс-шараларын қолға алды" делінген партияның баспасөз хабарламасында.
Еске салайық, президент сайлауы 2022 жылғы 20 қарашаға белгіленді. Орталық сайлау комиссиясының мәліметінше, әлі президенттікке үміткерлер тіркелген жоқ.
Оқи отырыңыз: Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауы 20 қарашада өтеді