Ішкі істер министрі дебюрократияландыру, цифрландыру және оңтайландыруға арналған алқа мәжілісінде Қазақстанның қай өңірінде жол қозғалысы ережелері көп бұзылатынын айтты.
Шымкент қаласының тұрғыны жарты жыл ішінде 178 рет жол ережесін бұзған. Ал айыппұлдың жалпы сомасы 4,5 млн теңгені құрады.
Жалпы Шымкент жүргізушілері жол ережесін бұзғаны үшін 2,2 млрд теңге көлемінде айыппұл төлейді.
"Автомат түрде тіркеу жүйесі елдегі әрбір үшінші жол ережесін бұзу фактісі Шымкентте болатынын көрсетті. Аталған мегаполис жүргізушілері жол ережесін ашық түрде бұзады", – деді ведомстводағылар.
Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие шарттары анықталды
Шымкентте соңғы үш айда жол-көлік оқиғасы кезінде 9 адам көз жұмған. Осы орайда ішкі істер министрі Шымкент қаласы полиция департаментінің басшысына жағдайдың күрделенуін күтпей, шара қолдануды тапсырды.