Тікелей эфир

4 пайыздық автонесие шарттары анықталды

Бағдарлама сәуір айының соңында іске қосылады.

Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді, деп хабарлады Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі.

Аталған ведомство қазір Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен бірлесіп, "Жасыл Даму" АҚ қаражаты есебінен Қазақстанның азаматтарына жеңілдетілген автонесие беру және автобус паркін жаңарту бойынша бағдарлама әзірлеп жатыр.

Жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша қаржыландыру сомасы шамамен 100 млрд теңгені құрайды. Өңірлердегі автобустар паркін жаңарту үшін 30 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінеді.


Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автокредит: Көліктерді қалай жеңілдікпен алуға болады?


Жеңіл автомобильдерді сатып алуға несие беру келесі шарттар бойынша жүзеге асырылады:

  • сыйақы мөлшерлемесі: 4%;
  • несиелендіру сомасы: 10 млн теңгеден артық емес;
  • қаржыландыру мерзімі: 7 жылдан артық емес;
  • бастапқы жарна: 0 % бастап;
  • көлік құралының құны: 15 млн теңгеден аспайды.
Графика: Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі

Оқи отырыңыз: 4 пайыздық автонесие: Талапқа қандай көліктер сәйкес келеді?


Автонесиені екінші деңгейдегі банктер береді.

Қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету үшін министрліктермен міндетті шарт көзделген. Оған сәйкес екінші деңгейдегі банктерде қарыз алушыларға қаржыландыруды ұсынудың мәртебесі мен мерзімін қадағалайтын автоматтандырылған жүйе болуы тиіс.

Сондай-ақ қарыз алушыға екі жылдың ішінде бір реттен артық автонесие алуға тыйым салатын шектеу енгізілген.

Серіктестер жаңалықтары