4 сәуірдегі Астана мен Алматыдағы айырбастау пункттеріндегі валюта бағамы

Фото: Matritca.kz
Фото: Matritca.kz
Еуро 541—547 теңге аралығында құбылып тұр.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499—505 теңгеден саудаланып жатыр.

Ұлттық банктің 4 сәуірге ұсынған ресми бағамы — бір долларға 501,57 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,98 теңге. Еуро — 554,34.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 503 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 501 теңге. Еуро 541—547 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 547 теңгеден сатып алынып, 555 теңгеден сатылып жатыр.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,85—6,00 аралығында саудаланып жатыр.

Бұл мақала сізге пайдалы болды ма?
0

  Егер мәтінде қате болса, оны белгілеп, Ctrl+Enter батырмасын басыңыз

  Егер мәтіндегі қатені смартфонда көрсеңіз, оны белгілеп, «Қатені хабарлау» батырмасын басыңыз

Серіктестер жаңалықтары